АҚШ-та толассыз жауған қардың кесірінен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та қардың қалың түсуінен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Бұдан бұрын қаза тапқандар саны 31-ге жетті деп хабарланған.
Вашингтонда федералдық ведомстволар екінші күн қатарынан жұмыс істемейді.
Адамдардың қайтыс болу оқиғалары негізінен жол апаты, иіс тию салдарынан орын алды. Өлім-жітім Вашингтон, Делавэр, Кентукки, Мэриленд, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Огайо, Пенсильвания, Теннесси, Виргинияда тіркелді.
Штаттарда 22 қаңтарда басталған толассыз қар салдарынан АҚШ-тың 90 миллион тұрғыны құрсауда қалды. 11 штатта билік Төтенше жағдай режімін енгізді. Вашингтонда көлік қатынасы тоқтатылып, Нью-Йоркте көшеде автомобильдерге жүруге тыйым салынды. Нью-Джерси мен Нью-Йорк билігі тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды.
Жергілікті БАҚ хабарламасы бойынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан кей аудандарда қар 70 сантиметрге жетіп, 200 мыңдай үй жарықсыз қалған, су тасқыны қаупі артты.