14:15, 05 Қазан 2013 | GMT +5
АҚШ-та торнададан 15 адам жарақаттанды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айова, Небраска және Оңтүстік Даката штаттарында қатты құйын көтеріліп, соның салдарынан 15 адам жарақат алды. Бұл жайында Утро.ру жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Зардап шеккендердің басым бөлігі Небраска штатына қарасты Уэйн қаласының тұрғындары. 8 адам жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанған тағы 7 адам медициналық көмекке өздері келіп жүгінген.
Уэйн қаласында 4 тұрғын үй мен спорт кешені толығымен бүлінген. Қаладағы барлық жолдар жабылған. Айова штатының Вудбери округының ауылды елді мекенінде шамамен 30 үй қираған.