АҚШ-та торнадо құрбандарының саны 340 адамға жетті

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та торнадо құрбандарының саны 340 адамға жетті.
None
None

Сәрсенбі және бейсенбі күні болған дауыл Құрама Штаттардың тарихындағы 1932 жылдан бергі ең жойқын апат болып отыр, дейді мамандар. Елдің 7 штатында екі күнннің ішінде 211 құйын тіркелген, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Табиғаттың тосын мінезінен Теннеси, Миссисипи және Алабама штаттары қатты зардап шегіп отыр. Алабама штатының өзінде 240-қа жуық адам опат болып, 1 миллионға жуық адам жарықсыз қалған.

Сарапшылардың деректері бойынша, сақтандыру компаниялары торнададан келген шығындардың өтемі ретінде 5 миллиардтай доллар төлеуге мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар