13:40, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
АҚШ-та торнадодан қаза тапқандар 290 адамға жетті
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Құйын мен торнадоның нәтижесінде Американың 6 штатында 28 сәуірдегі мәліметтер бойынша, кем дегенде 290 адам көз жұмған,

деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Табиғат апатының зардабын бәрінен көбірек тартқан Алабама штаты. Мұнда кем дегенде 194 адам қаза тапқан. Штаттың аумағындағы миллиондаған үй шаруашылықтары электр жарығынсыз қалды.
Алабамаға бүгін жұма күні 29 сәуірде АҚШ президенті Барак Обама келеді деп күтілуде. Президент губернатор Бентлимен бірге келген шығындарды өздері бағалайтын болады, -деп хабарлайды Ақ үйдің баспасөз қызметі.