14:07, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
АҚШ-та төтенше жағдай режимі тағы бір жылға ұзартылды
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. АҚШ-тың Федералдық тізіліміне жолданған құжаттарда мәлім етілгендей, АҚШ-қа қарсы бағытталған лаңкестік қатердің бұрынғысынша сақталуына байланысты, төтенше жағдайлар режимін ұзарту қажеттілігі де туындап отыр.
АҚШ-та төтенше жағдай 2001 жылы қыркүйектің 11-індегі лаңкестік оқиғалардан бірнеше күннен кейін енгізілген болатын. Төтенше жағдай режимі мемлекет басшысына, қажет болған жағдайда ол пайдалана алатын бірқатар қосымша өкілеттіктер береді.
Бүгін АҚШ-та 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі лаңкестік оқиғалардың құрбандарын еске алу рәсімдері өтеді.