Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та түнде Pokemon GO ойнап отырған жігіт мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискода Pokemon GO ойнап отырған жігітті атып кетті. Құқық қорғау органдарында шабуыл жасаған адам студентті тонамағанын хабарлады.

АҚШ-та түнде Pokemon GO ойнап отырған жігіт мерт болды

Қайғылы жағдай сенбі күні Калифорния штатында Сан-Францискода «Акватик паркінде» түнде болған. Куәлердің айтуынша, белгісіз біреу Pokemon GО-да ойнап жатқан жігітке оқ атқан, - деп хабарлады KTVU Fox 2 арнасы.
20 жастағы Кэлвин Райли арқасына тиген оқтан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнынан бой тасалап үлгерген күдікті жайлы деректер әзірге жоқ.