АҚШ-та тұратын Маяковскийдің қызы Ресей азаматтығын алғысы келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Маяковскийдің Нью-Йоркте тұратын жалғыз қызы Патрисия Томпсон орыс тілін қайтадан үйреніп, РФ азаматтығын алғысы келеді, деп жазады «Московский комсомолец».
«Мен орыс тілін үйренумен шындап айналысқым келеді, бұл маған жоғалтқан ішкі жан-дүниемның жартысын қайтарар еді. Егер мен орыс тілінде біреулермен сөйлесіп жүрсем, қайтадан тілді үйреніп кетер едім», - деп өз сырымен бөлісті ақынның қызы ТАСС тілішісімен.
Маяковскийдің 89 жастағы қызы - Нью-Йорк қалалық университетінің Леманов колледжінде философия профессоры және 20-дан астам кітаптың авторы.
«Мен ресейлік төлқұжатқа ие болып, Ресей азаматтығын алуды көптен бері армандап жүрмін», - деді Томпсон.