АҚШ-та тұрғын үйге құлаған ұшақта қаза тапқандар саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін АҚШ-тың Огайо штатында ұшақ тұрғын үйге құлағаны туралы хабарланған болатын. Әзірге ұшақтың апатқа ұшыру себебі нақты анықталған жоқ, деп хабарлады lifenews.ru.

АҚШ-та тұрғын үйге құлаған ұшақта қаза тапқандар саны артты

Соңғы ақпарат бойынша, ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы шұғыл қызметтер өкілдеріне сілтеме жасап жергілікті БАҚ хабарлады. Ұшақтағы авиадиспетчер өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, ұшақта тоғыз адам (екі пилот, жеті жолаушы) болған. Олардың барлығы көз жұмды. Полиция қираған үйде ешкім болмағанын хабарлады. Қазір ұшақтың неліктен апатқа ұшырағаны анықталуда.