АҚШ-та тұрғын үйлердің басым бөлігін қытайлықтар алып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та тұрғын үйлерді шетелдіктердің тарапынан сатып алу 35 пайызға артқан, оның ішінде басым бөлігі қытайлықтардың үлесінде.
Бұндай мәліметтерді Риэторлардың ұлттық қауымдастығы келтіріп отыр.
ҚХР-дан келген сатып алушылар биылғы наурызда аяқталған 12 айдың ішінде 22 млрд. доллардың баспанасын иемденген. Бұл АҚШ-та шетелдіктерге саудаланған тұрғын үйлердің 24 пайызын құрайды. Аталған мерзімде шетелдіктер АҚШ-та 92,2 млрд. доллардың баспанасын сатып алған. Өткен қаржылық жылда бұл көрсеткіш 68,2 млрд. долларды құраған болатын.