АҚШ-та туристерге арналған SpaceShipTwo ғарыш кемесінің екінші нұсқасы таныстырылады

Сайттың жазуынша, қазіргі кеменің сыртқы түрі 2014 жылы қазан айында Калифорния штатының оңтүстігінде Мохаве шөлінде апатқа ұшыраған бұрынғы модельге ұқсамайды. Тергеушілер кеменің апатқа ұшырауына пилоттың қателігі себеп болды деген шешімге келген. Салдарынан бір пилот қаза тауып, екіншісі жарақат алған.
Қазіргі ғарыш кемесі жетілдірілген, оның көп фунциялары автоматты басқарылады. Оны сынау жыл соңында қолға алынады.
SpaceShipTwo тек туристік мақсатта әзірленген. Жерді 100 км биіктен тамашалау, салмақсыздық күйін бастан кешіру сапары екі сағатқа созылады, оның құны 250 мың доллар көлемінде болады деп күтілуде.
Онда алты жолаушы, екі пилотқа орын қарастырылған. Ғарышта болуға қазірдің өзінде 800-ден астам адам өтініш берген. Олардың қатарында актерлар Том Хэнкс пен Анджелина Джоли де бар.