АҚШ-та тұрып жатқан Евгений Евтушенко 80 жасқа толды

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Ресейдің аса дарынды, жыр әлемінен ойып тұрып өз орнын алған ақыны Евгений Евтушенко  өзінің мерейтойын атап өтуде.

АҚШ-та тұрып жатқан Евгений Евтушенко  80 жасқа толды

Еске сала кетсек, Е. Евтушенко 1960 жылдардан бастап өзіндік ерекше жыр жолдарымен көзге түсе бастады. Талантты ақынның өлеңдерін тыңдауға келген жүздеген жастар оның өлеңдерін ынтыға тыңдайтын болған. Тіпті сол жылдары оның «Поэт в России больше, чем поэт» деген қанатты сөзі ел арасында кеңінен таралып та кетті.

Евгений Евтушенко қазір АҚШ-та өмір сүреді. Ол 1990 жылдардың басында Америкаға орыс әдебиетінен дәріс оқу үшін кеткен болатын, деп хабарлайды НТВ.ru .