АҚШ-та «түтікшеден» әлемдегі алғашқы күшіктер туды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экстракорпоральдық ұрықтандыру әдісімен өмірге келген әлемдегі алғашқы күшіктерді АҚШ-тағы Корнелльский университетінде суррогат ана дүниеге әкелді.
ЭКО технологиясындағы қол жеткізілген ілгерілеу жойылып бара жатқан ит түрлерін сақтауға жәрдемдеседі.
Бигльмен кокер-спаниельді будандастырудан 7 күшік өмірге келді, бұл ретте күшіктердің алты түрлі биологиялық ата-анасы бар.
Мамандардың айтуынша, ит ұрығын қатыруда проблемалар туындаған, қазіргі күні бұл қиындықтар артта қалды.
Америкалық эмбриологтар мен ветеринарлар бүгінгі жетістіктің үлкен қадам басу екенін айтты.