АҚШ-та тыңшылық үшін ұсталғандардың тізімінде қазақстандықтар бар

«Иә, бізде кімнің азаматтығы қандай екендігі туралы ақпарат бар... Пособилов Александр, Фишенко Александр мен Клебанова Викторияда АҚШ пен РФ-ның азаматтығы бар, Дятлова Анастасия тек ресейлік азаматтыққа ие. Қалғандары - Украина, Әзербайжан және Қазақстанның азаматтары», - деді Азизов.
АҚШ пен РФ арасында жаңа тыңшылық дау-дамай туындады. Федералдық тергеу бюросы Ресей Федерациясына әскери технологияларды заңсыз экспорттаған бірнеше күдіктінің, соның ішінде ресейліктердің ұсталғандығын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта 11 күдіктінің сегізі ұсталды. АҚШ РФ-ға технологияларды экспорттауға қатысы бар 165 компания мен тұлғаларды «қара тізімге» енгізді.
Ресейдің СІМ-де бұл оқиғада түсініксіз жайттар көп екендігін мәлімдеді. Дипломаттар ұсталған ресейліктердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, олармен консулдық кездесулерді ұйымдастыруға ниетті.