14:32, 13 Маусым 2016 | GMT +5
АҚШ-та тырысқаққа қарсы екпені пайдалануға рұқсат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрілер басқармасы (FDA) елде тырысқаққа қарсы бірінші екпені пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды nplus1.ru.

Vaxchora деп аталатын препаратты PaxVax Bermuda компаниясы әзірлеген. Оның құрамында әлемде кең тараған О1 тобындағы Vibrio choleraeсеро штамы бар.
Баспасөз хабарламасында жазылғандай, препарат тырысқақ көп тараған елдерге сапармен, баратын 18 бен 64 жас аралығындағы адамдарға арналған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, жыл сайын әлемде 1,4 - 4,3 миллион адам тырысқақ ауруына шалдығады, олардың 28 -142 мыңға жуығы ажал құшады.