АҚШ-та ұлттық олимпиадалық құраманың Қытайда тігілген формасы үшін ірі жанжал туындады
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та ұлттық олимпиадалық құрама үшін киімнің Қытайда тігілгені үшін ірі жанжал туындады.
Бейсенбі күні американдықтар 27 шілде күні Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында киетін киім Эн-би-си телекомпаниясының эфирінде көрсетілді. Ал бірнеше сағаттан кейін Вашингтонда бұл киімнің модельері мен өндірушісі - Ральф Лореннің танымал американдық сән үйі оның тігілуін Қытайда ұйымдастырғаны үшін жанжал шықты.
Әсіресе, АҚШ Конгресінің басшылығы қатты ашуланды. «АҚШ олимпиадашылары Америкада дайындалған киім үлгісін кию керек», - деп мәлімдеді өкілдер палатасындағы демократиялық азшылықтың көшбасшысы Нэнси Пелоси.