АҚШ-та үш жасар бала бір жарым жастағы інісін атып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Теннесси штатында үш жасар бала бір жарым жастағы інісін тапаншамен атып салды, деп хабарлайды Утро.ру.

АҚШ-та үш жасар бала бір жарым жастағы інісін атып салды

Жараланған бала ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы туралы хабарлама келіп түскен жоқ.

Полицейлер үш жастағы баланың 6,35 калибрлі тапаншадан оқ атқанын растады. Құқық қорғаушылар сәби қаруды қалай, қайдан алғанын анықтау үстінде.