АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні штаттың орталық бөлігінде болған.
— Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты, — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.
АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) алдын ала деректері бойынша, әуе кемесі құлап бара жатып электр желілеріне соқтығысқан. Қазіргі уақытта апаттың себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін АҚШ-та United Airlines әуе компаниясының ұшағы Денвер әуежайына төтенше қонғаны хабарланған еді — қозғалтқыштардың біріне қоян кіріп кеткен.