АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Техас штатындағы Далласта (АҚШ) шағын екі моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды. Бұл туралы жексенбіде Associated Press хабарлады.

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам ажал құшты

Агенттіктің мәліметінше, Beechcraft BE-350 King Air ұшағы Эддисон әуежайы аумағындағы ангарға соғылып, өртенген.

Апаттың себеп-салдарын тексеру үшін АҚШ-тың Федеральдық авиациялық басқармасының өкілдері оқиға орнына барды. Сондай-ақ Көліктегі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес те өз мамандарын сол жерге жіберуге шешім қабылдады.