09:05, 09 Тамыз 2015 | GMT +5
АҚШ-та ұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Адирондак тау жотасына ұшақ құлап, борттағы төрт жолаушы қаза тапты.
Апат Канада шекарасына жақын жерде болған. Полиция әзірге болған оқиға жайлы ешқандай түсінік берген жоқ. Канада шекарасынан 50 шақырымда Piper PA-46 лайнері апатқа ұшырағаны ғана белгілі. Алдын ала деректер бойынша, төрт адам қаза тапқан, алайда бұл сан нақты емес.