АҚШ-та ұшақ апатынан 5 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының билігі жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырап, салдарынан 5 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Белгілі болғандай, Сан-Хосе қаласынан Лас-Вегас әуежайын бетке алып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткен.
Кейінірек ұшақтың сынықтары Калифорнияның Бейкерсфилд қаласының маңынан табылды. Құтқарушылар сынықтардың астынан 5 адамның денесін алып шықты.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқан адамдар туралы мәліметтер әлі анықталған жоқ.