АҚШ-та ұшақ көп пәтерлі үйге құлады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Огайо штатында он адамдық Hawker H25 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған екі адам қайтыс болды, деп хабарлады Associated Press жергілікті билікке сілтеме жасап.

АҚШ-та ұшақ көп пәтерлі үйге құлады

Оқиға сейсенбі, 10 қарашада Экрон қаласында орын алды. Бизнес-джет құлап бара жатып электр беру желісін үзіп өтіп, көп пәтерлі тұрғын үйдің үстіне құлады. Әуе кемесі бірден қызыл жалынға оралды, деп хабарлады Лента.ру .

Кірпіш ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Алайда алдыңғы қабырға қирап, құрылыс отқа оранды.

Куәгерлердің айтуынша, апат болған кездегі жарылыс үні бірнеше кварталдарға жеткен.