АҚШ-та ұшақ өртеніп, 15 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Флорида әуежайынан Каракас қаласына ұшуға дайындалған «Боинга-767» ұшағының ұшу алаңына бұрылғанда сол жақтағы қозғалтқышы өртенген, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Жолаушылар дереу үрлемелі басқыштың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға салдарынан 15 адам жарақаттанды. Басым көпшілігі жеңіл-желпі жарақаттар алған, тек ауыр күйік шалған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға ұшақтың сол жақтағы қозғалтқышы өртенуі себебінен орын алған. Жолаушылардың айтуынша, алдымен шарт еткен қатты дыбыс естіліп, кейін қозғалтқыш түтіндей бастаған.

Бортта барлығы 101 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум