АҚШ-та ұшақтың ақбасты субүркітпен соқтығысуы адамдардың өліміне әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та алғаш рет ұшақтың ақбасты субүркітпен соқтығысуы салдарынан адамдардың мерт болуы тіркелді. Бұл туралы AP хабарлады.

АҚШ-та ұшақтың ақбасты субүркітпен соқтығысуы адамдардың өліміне әкелді

20 сәуірде Cessna 172 ұшағы ақбасты субүркітпен соқтығысып, Аляска штатындағы Анкоридж қаласының солтүстігіне таман құлады. Ұшақ бортында болған төрт адамның барлығы қаза тапты.

Тергеуші хабарлағандай, бұл субүркітпен соқтығысуы салдары адамдардың өліміне әкелген алғашқы жағдай.