АҚШ-та ұшатын көліктер шығарыла бастады

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та жеңіл әуе көліктердің сериялы өндірісі басталды.

АҚШ-та ұшатын көліктер шығарыла бастады

Америкалық "Террафьюджиа" компаниясы ұша алатын әлемдегі ең алғашқы көлікті сынақтан өткізу жұмыстарын сәтті аяқтады. Ағымдағы жылы сатылымға шығарылатын әлемдік көліктің таныстырылымы жұма күні ашылатын «Нью-Йорк автосалонында» өтеді.

"Транзишн" аталатын көлік екі адамға есептелген. Ұшар кезде ашылатын көліктің қанаттары 8 метрді құрайды. Жерге қонғаннан кейін көліктің қанаттары машинаның бойына жиналады. Көлік 500 метрге дейін аспанда қалықтай алады.

«Ұшқыш» көліктің бағасы 279 мың долларды құрап отыр. 100-ден астам автомобильші келесі жылы "Транзишн" көлігін алғашқы болып иелену үшін кепілдік сомасын тастап кеткен.

Шығарушы компания бұл көлікке шет елдерде сұраныстың артып отырғандығын атап өтті.