АҚШ-та ұшқышы өліп қалған ұшақты 80 жастағы әйел жерге қондырды
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та 80 жастағы американдық әйел ұшқыш күйеуі ұшу кезінде қайтыс болған соң, ұшақты өзі қондырған, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.
Хелен Коллинздің ұшақ жүргізу тәжірибесі болған жоқ - ол 30 жыл бұрын дайындықтың бастапқы курстарынан өткен еді. Екі моторлы «Сесснаны» қондыруға оған радио бойынша ұшу куәлігі бар баласы көмектескен, деп хабарлайды Би-Би-Си.