АҚШ-та ұялы байланыстың 2 мұнарасы құлады: 3 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Виргиния полициясы Кларксбург қалашығындағы ұялы байланыстың екі мұнарасы құлауы салдарынан үш адамның мерт болғанын мәлім етті, деп хабарлады РБК.

АҚШ-та ұялы байланыстың 2 мұнарасы құлады: 3 адам мерт болды

Алдымен мұнарада жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған екі адам мұнарамен бірге құлады. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін жергілікті өрт сөндіру қызметкерін соққан екінші мұнара құлады.

Тағы екі адам зардап шегіп, ауруханаға жөнелтілді.

Жөндеу жұмыстарының мақсаты мұнараны бекіту болды, бұған дейін оның орнықтылығы күмән келтіріп жүрген болатын.

Оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.