АҚШ-та үйде 300 егеуқұйрық, жылан, үй қоянын және шегіртке ұстаған ерлі-зайыптыларды тұтқындады

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Флорида штатының полициясы үйінде 300-ге жуық жан-жануарлар мен жәндіктерді ұстаған ерлі-зайыптыларды қамауға алды, деп хабарлады Росбалт.

АҚШ-та үйде 300 егеуқұйрық, жылан, үй қоянын және шегіртке ұстаған ерлі-зайыптыларды тұтқындады

Құқық қорғаушылардың мәліметтеріне қарағанда, жан-жануарлар мен мақұлықтар өте жаман жағдайда ұсталған, олар ашықтан-ашық бір-бірін жеп тіршілік еткен. Үй иелері үйлерінде егеуқұйрық, жылан, құс, үй қоянын және шегіртке ұстаған.

EFE агенттігінің хабарлауынша, полицияға үй иелерінің өздері келген. 26-28 жастардағы ерлі-зайыптылар біржарым жастағы балаларын таба алмай қалған.

Құқық қорғаушылар оқиға орнына келгенде ерлі-зайыптылардың таныстарының бірінің тастап кеткен хатын көрген, ол баланы өзімен бірге алып кеткенін, үй иелерін оята алмағанын хабарлаған. Құқық тәртібін қорғаушылар ерлі-зайыптылардың араққа сылқия тойған мас күйінде үстерінен шыққан.

Қазіргі кезде олар жан-жануарларға қатігездігі және балаға дұрыс қарамағаны үшін айыпталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицияның айтуынша, жан-жануарлар мен мақұлықтар үйде және аулада ұсталынған, олардың бірқатары өліп қалған.