АҚШ-та үйдің төбесіне ұшақ құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Масачусетс штатында шағын ұшақ үшқабатты үйге құлады, деп жазады utro.ru News Executive сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ үйдің шатырын жарып ішке кірген, сыртта оның тек артқы бөліктері ғана қалған. Бұл оқиғадан зардап шеккендердің бар-жоғы әзірге белгісіз.
Мұндай жағдай осыған дейін Калифорнияда 28 ақпан күні болды. Онда да шағын ұшақ Риверсайд қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің үстіне құлады. Ол кезде болған оқиғаның салдарынан 5 адам мерт болды.