АҚШ-та ұзындығы үш метрдей қолтырауын жасөспірімнің қолын тістеп, жұлып алды
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Американдық Флорида штатының жасөспірімі үшін өзенге шомылу қайғылы аяқталды.
Оған үш метрлік қолтырауын шабуылдап, қолының бір бөлігін тістеп, жұлып алған.
Жәбірленушінің достары қолтырауынның жасөспірімге шабуылдаған кезінде ол қорғану үшін қолын алға созғанын айтты. Алайда жыртқыш қолынан тістеп, баланы тереңге алып кетпек болған.
Жергілікті табиғатты қорғау ведомствосындағылар мамандардың әлгі қолтырауынды таба алғанына сендірді. «Біз оны өлтіріп, тістеп алған қолды алып шықтық, ауруханаға апарып, дәрігерлер енді оны тіге ала ма, жоқ па, соны білу үшін бардық», - деп мәлімдеді ведомствоның өкілі. Алайда анықталғандай, медициналық қызметкерлер жасөспірімнің қолын тіге алмады. Достарының айтуынша, жасөспірім «тірі қалғанына бақытты».