АҚШ-та XVIII ғасырда жасалған Страдивари скрипкасы ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы Милуоки қаласында Страдивари скрипкасы қолды болды.
Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, шамамен 300 жыл бұрын жасалған аспап Милуоки симфониялық оркестрінің концертмейстері Фрэнка Элмондтан ұрланған. Дүйсенбі күні кешке, концерттен кейін, колледждің көлік тұрағында белгісіз біреу музыкантқа шабуыл жасаған. Қылмыскер Элмондты электрошокермен ұрып, скрипкасын ала сала ізін суытқан. Полицейлер ұрлықшылардың ізіне түсе алмады.
1715 жылы жасалған аспап музыкалық ортада "Липинскийдің Страдивариі " деп танылған. Оның алғашқы иелерінің бірі польшалық композитор Кароль Липинский болған. БАҚ деректеріне қарағанда, бұл музыкалық аспаптың құны 3,5 миллион долларға жуық, деп хабарлайды РСН агенттігі.