АҚШ-та YouTube-тің алғашқы музыкалық сыйлығы тапсырылды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте YouTube ірі бейнепорталының алғашқы музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Жыл орындаушысы ретінде Эминем танылды.

АҚШ-та YouTube-тің алғашқы музыкалық сыйлығы тапсырылды

ВВС-дің жазуынша, номинанттар жыл ішінде YouTube-те көрермендер назарына іліккен бейнероликтер ішінен алты категория бойынша таңдалды. Осы орайда адамдар барынша көп қараған бейнесюжет жеңімпаз деп танылды.

«Үздік бейне» мәртебелі аталымында Майли Сайрус, Леди Гага және Джастин Бибер секілді жұлдыздар ұсынылғанымен, сыйлықты "I Got A Boy" өлеңімен Оңтүстік Кореяның Girls' Generation тобы алды.

Youtube сыйлығын тапсыру рәсімі интернет арқылы тікелей көрсетілді.

Айта кетейік, бұл сайттың негізін 2005 жылы Калифорнияда PayPal компаниясының бұрынғы үш қызметкері қалаған. 2006 жылы оны 1,7 млрд. АҚШ долларына Google компаниясы сатып алды.