АҚШ-та заңсыз жүрген өзбек азаматы Б.Обамаға қастандық жасауды жоспарлаған

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ-та заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы, 22 жастағы Ұлықбек Қодиров АҚШ президенті Барак Обамаға қастандық жасауды жоспарлағанын мойындады, деп хабарлады Би-Би-си.

АҚШ-та заңсыз жүрген өзбек азаматы Б.Обамаға қастандық жасауды жоспарлаған

Сотта Ұ.Қодировқа АҚШ президентіне қастандық жасамақ болғаны, заңсыз қару иеленгені және лаңкестермен ынтымақтастықта болғаны туралы айып тағылды.

Енді ол сот шешіміне байланысты 30 жылға дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Айыптауға сәйкес Ұ.Қодиров АҚШ-қа студенттік визамен келген, бірақ оқуға кіріспеген. АҚШ-та ол «Әмір» деген лақап аты бар лаңкестік ұйым серкелерінің бірімен байланыста болған. Оның тікелей басшылығымен Ұ.Қодиров «ислам үшін қажетті» АҚШ президентін өлтіруді жоспарлай бастаған.

Ұ.Қодировтің компьютерінен экстремистік материалдар, ал оның интернет-браузерінің тарихынан радикалдық ислам сайттарына кіргені анықталған. 2011 жылғы шілдеде Ұ.Қодиров Федералдық барлау бюросының қарапайым киінген агентінен атыс қаруын сатып алу әрекеті үстінде тұтқындалды.

Ұ.Қодировқа үкім осы жылғы 17 мамырда шығарылмақ.