АҚШ-та «жалған ақша жасаушы» қазақстандықтарға қатысты тергеу ісі тоқтатылды

НЬЮ-ЙОРК.  Қыркүйектің 1-і.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -  Дүйсенбі күні АҚШ-тың Массачусетс  штатының Орлеан   округтің соты    жалған  доллар жасады  деп айыпталған    Қазақстан  азаматтары Әлібек  Тайлақов  пен  Александр  Кустовскийге    қатысты   қылмыстық  қудалауды  тоқтату  туралы шешім  қабылдады.
None
None

Бұл  екі жігіт   өздері  жалдап тұрған пәтерде  шілденің 2-сінде  ұсталған болатын,     пәтерді тінту кезінде полиция   жалпы сомасы  700  доллардан  асатын  жалған 20 долларлық    және 100 долларлық  ақшалар  тапқан. Нағыз доллар ақшаның ксерокөшірмелерін   олардың  кәдімгі  А4 форматты қағазға  түрлі-түсті принтердің  көмегімен    басып шығарғаны анықталады.  Тайлақов  пен Кустовскийге  жалған    ақша жасады  және  оларды сақтады деген    айыптар тағылған  болатын.  Соттың  шешіміне  дейін олардың әрқайсысы 540  АҚШ  доллар сома  кепілдікпен  босатылады.  Кейіннен  анықталғандай,  олар    көп ақшамен суретке  түсу  үшін, ақшаның ксерокөшірмелерін жасаған болып шықты.   Қазір  Әлібек  мен Александр  Қазақстанға   қайтуға әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар