АҚШ-та жалпы ішкі өнім бірінші тоқсанда күрт қысқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ экономикасы бес жылдағы ең төмен нәтижелерді көрсетті. Бұл туралы соңғы статистикалық мәліметтерден белгілі болды, деп жазады ВВС.
Биылғы үш айда жалпы ішкі өнім жылдық мәнде 2,9 пайызға қысқарды. Сарапшылар бұл көрсеткіштің төмендеуін 1 пайыз көлемінде болжаған еді.
Американдық экономиканың осы көлемде қысқаруы қыс айларының қатты суық болуымен түсіндірілуде. Алайда, сарапшылардың пайымынша, екінші тоқсанда өсім қарқын алатын болады.