АҚШ-та жанат студенттің телефонын ұрлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Кентукки штатында жанат студенттен телефонын тартып алды. Студент оны видеоға түсірмек болған. Ғаламторда жанат түсіріп, оны телефон иесі Туиттерде таратқан ролик өте көп көрілген.
None
None

Оқиға сейсенбі күні, 11 қазанда кешке Кентукки штатындағы  Беллармин университеті кампусының маңында орын алған, деп хабарлады BuzzFeed.

Уильямс жанатты видеоға түсірмек болғанда, алайда жануар телефонды тістеп тартып алыпты. Оның «олжасымен» қашып бара жатқаны видеоға түсіп қалды.  

Кейін жанат телефонды құлатып алып, орман жаққа қарай ізін суытты. Уильямс өз нөміріне қоңырау шалып, гаджетін тапты. Студент жанатты іздеп жатқан сәтті де видеоға түсірді.

Уильямс жанат бейнеленген видеоны 12 қазанда Туиттерге жариялады.  Бір тәуліктен кейін видеороликті 140 мыңнан астам пайдаланушы бөлісті (ретвит).

Соңғы жаңалықтар