АҚШ-та жаппай атыс оқиғалары бойынша антирекорд тіркелді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Тамыз айының ортасында АҚШ-та жаппай атыс оқиғаларының саны алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден асып түсті. Елде кезекті антирекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Биылғы жылдың 227 күнінде 41 штатта және Колумбия астаналық округінде жаппай атыстың 443 дерегі болды», - деп хабарлайды Gun Violence archive порталы.
Сарапшылар есебіне сүйенсек, биыл елде жаппай кісі өлтірудің 28 оқиғасы болды.
Былтыр осы уақытта АҚШ-та жаппай атыстың – 414, жаппай кісі өлтірудің 19 жағдайы тіркелген еді. Ал 2021 жылы осындай 688 оқиға орын алды, бұл – кейінгі онжылдықтағы ең жоғары цифрлар.
Порталдың хабарлауынша, тамыздың ортасына қарай жаппай атысудың – 433, кісі өлтірудің 18 қылмысы болды. Егер қазіргі динамика сақталса, яғни күніне орта есеппен екі жаппай атыс оқиғасы тіркелсе, жыл соңына дейін АҚШ-та осындай 700-ден астам эпизод болуы ықтимал.
Еске сала кетсек, жаппай атыс – ондаған жылдар бойы Америка қоғамының ең өзекті мәселелерінің бірі. 2023 жылдың қаңтарында ғана АҚШ-та 51 жағдай болып, салдарынан 87 адам қаза тапты, 180-ден астам адам жарақат алды.