07:24, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
АҚШ-та жарылыс болу қаупіне байланысты ондаған мектепті жапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бірнеше штатында жарылыс болу қаупіне байланысты оннан астам мектептегі адамдар шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды РИА Новости BNO News-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Колорадо, Айова, Монтана және Коннектикут штаттарындағы тоғыз оқу мекемесіндегілер эвакуацияланды. Сондай-ақ Калифорния, Нью-Йорк және Вашингтонда тағы үш мектеп бұғатталған, оларға ешкім кіргізілмей отыр.
«Келеңсіз жағдай АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен 14.30-да басталған. Жарылысқа байланысты көптеген қоңырау шалу автоматты түрде хабарланған.