АҚШ-та жас жұбайлар той өткен соң ертесіне лотореядан 693 мың доллар ұтып алды

Мичиганда жас жұбайлар тойынан бір күн өткеннен кейін лотареядан джекпот ұтты. Kazinform бұл туралы People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Доллар
Фото: Kazinform

Мичиган штатының Ливингстон округінде тұратын 57 жастағы ер адам жақында жергілікті дүкеннен Diamond & Pearls лотореясының билетін сатып алған. Сол билет ұтыс алып келді.

- Мен үйленген күннің ертесіне билет сатып алып, қорғаныш қабатын сүрту үшін әйеліме бердім, - деді ұтыс иесі лоторея өкілдеріне.

Ол әйелі екеуі ұтыс көлемі миллион АҚШ доллары екенін түсінгенде өз-өздеріне сенбегенін айтты.

- Біз шынында ұтыс иесі атанғанымызға сене алмай нұсқаулықты қайталап оқи бердік, - деп жалғастырды ол.

Лоторея өкілдерінің сөзінше, жеңімпаз бір реттік төлем арқылы 693 000 АҚШ долларын алады.

Аты аталмаған ұтыс иесі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр, бірақ әзірге қалай екені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар