04:58, 17 Шілде 2017 | GMT +5
АҚШ-та жекпе-жек кезінде спортшы мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та өткен Hardrock MMA 90 әуесқойлар турнирінде алған жарақатынан аралас жекпе-жеке өнерінің спортшысы Доншэй Уайт көз жұмды, деп жазады Лента.ру.

Жекпе-жектің екінші кезеңінде Уайт қарсыласының соққыларын өзіне өткізіп алды. Осыдан кейін рефери бәсекені тоқтатқанына қарамастан, Уайт есінен танып құлады. Спортшыға бірден медициналық көмек көрсетілді, алайда ол ес жимастан көз жұмды.
Спортшының өліміне не себеп болғаны айтылмай отыр.