АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ мұхитқа құлады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Джерси штаты жағалауындағы Кейп-Мэй мүйісі аумағында сәрсенбіде шамамен түскі мезгілде бір моторлы ұшақ мұхитқа құлаған. Бұл туралы ABC телекомпаниясы АҚШ-тың Жағалау күзеті өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Оқыс оқиғаны көргендер апат алдындағы соңғы минутты камераға түсіріп үлгерген. Ұшақ мұхиттың бетінен небәрі бірнеше метр ғана биіктікте келе жатып, кенеттен суға құлаған. Жағалау күзетінің екі моторлы қайығы мен құтқару тікұшағы апат орнына жетті.
Әзірге қаза тапқандардың саны мен келеңсіз жағдайдың себеп-салдары белгісіз.