АҚШ-та жер сілкінісі болды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Атлант мұхиты акваториясында, Нью-Йорктың оңтүстік-шығысына қарай шамамен 200 шақырымдай жерде тербелісі 3,9 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ-та    жер  сілкінісі   болды

ҚазАқпарат бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Американ сейсмологтарының ақпараты бойынша, жергілікті уақыт 10:45-те (астана уақыты бойынша 15:45) басталған және бірнеше секундқа созылған дүмпулердің кіндігі 6,5 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері Нью-Йорк штатымен қоса, көрші Нью-Джерси және Коннектикут штаттарында да сезілген. Полиция сілтеме жасаған жергілікті телекомпаниялар, жер сілкінісінің салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін хабарлап отыр.