17:37, 08 Маусым 2016 | GMT +5
АҚШ-та жерге қайта келіп қонатын дәлдігі жоғары зымыран сынақтан өткізілді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аэроғарыштық Masten Space Systems стартабы Xaero-B және Xodiac - екі көп рет пайдаланылатын зымыран модульді көпшілікке таныстырды.

Бейнероликте жаңа зымыранның шағын нұсқалары жерден ұшып, ауытқымай, бір қалыпта тұра алады, сондай-ақ қайтадан төменге жеңіл қона алады. Оның қону дәлдігінің жоғары болуының арқасында компанияға 2009 жылы 1 млн доллар грант берілген.
Әзірге Masten-нің бірде-бір зымыраны ғарышқа ұшқан жоқ, алайда DARPA таяуда оған жерсерігін орбитаға ұшыру үшін көп реттік ғарыш аппаратын әзірлеуге 3 млн доллар қаражат бөлді.
Masten Xaero-B, Xodiac сынақтарын жалғастыруда. Қазір Xaero-B алты шақырым биіктікке дейін ұша алады.