АҚШ-та жетім бала өзін асырап алғысы келген адамға ақша жинап жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миссури штатында 9 жасар бала өзін асырап алушылардың сот шығынын өтеу үшін лимонад сатумен айналысып жүр, деп жазады life.ru.
Тристан Джейкобсон есімді бала лимонад сусынын дайындап, сатып жүр. Бала тапқан ақшасын өзін асырап алу үшін қажет шығындарды өтеуге жинап келеді, деп жазады жергілікті БАҚ.
Ол кішкентайынан Донни Дэвис есімді әйелдің үйінде тұрып келеді. Әйел оны асырап алғысы келеді, бірақ сот шығындарын өтеу үшін оған 10 мың доллар қаржы жинау қажет болған. Осылайша, бала болашақ анасына өзі үшін сусын сату арқылы көмектесуді шешкен.