АҚШ-та жолаушы ұшақтан құлап, мұхитқа түсті

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Американың Флорида штатында жеңіл моторлы ұшақтың жолаушысы құлап, мұхитқа түсті.
None
None

Болған жағдай туралы ақпарат ұшақ 600 метр биіктікте ұшып жүргенде келіп жетті. Ұшқыш диспетчерлерге ұшақтың есігі ашық тұрғанын және одан жолаушының құлап кеткенін хабарлаған, деп жазады «Газета. Ru».

Қазіргі уақытта жағалау күзетінің қызметкерлері ұшақтан құлап кеткен жолаушыны іздестіру үстінде. Ұшақ Майами әуежайларының біріне сәтті қонған.

Соңғы жаңалықтар