АҚШ-та жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысты, зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында пойыз жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті. Пойыз жолаушыларының ішінде жарақат алғандар бар, қазір зардап шеккендердің саны нақтылануда.
Оқиға дүйсенбіде, 301 тас жолына жақын маңда орын алған, деп хабарлады Associated Press. Amtrak темір жол компаниясына қарайтын пойыз Шарлотт - Нью-Йорк бағыты бойынша жолға шыққан.
The Daily Herald of Roanoke Rapids газетінде хабарлағандай, рельстен бір вагон шығып кеткен.