12:40, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ-та жолаушылар ұшағы тұрғын үйді соқты
ВАШИНГТОН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Американың Буффало қаласының маңында 50 орындық жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Оқиға жұма күні мәскеу уақыты бойынша сағат 06.10-да орын алған. Ұшақ құлап бара жатып тұрғын үйді соққан, соның салдарынан өрт шыққан. Оқиғаның мән-жайы, қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.