АҚШ-та жолаушылар ұшағына найзағай соқты

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - American Eagle әуе компаниясының Embraer E175 ұшағы Арканзас штатындағы дауыл кезінде жерге қона салысымен оған найзағай соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Кадрлардан видео авторының бұған дейін ұшақтың артқы бөлігіне де электр разряды түскенін айтып жатқанын көруге болады.

Жолаушылар бірден ұшақтан шығарылып, тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына техникалық мамандар келді.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл найзағайдың ұшаққа бірінші рет түсуі емес. Бұған дейін Boeing 737 MAX шамамен 30 000 фут биіктікте ұшып бара жатқанда электр разряды тиіп, Панама-Ситидегі Токумен халықаралық әуежайына қонған.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қазақстандық FlyArystan әуе компаниясының ұшағына да найзағай түскен болатын. Ұшақ шұғыл түрде қонды.


Соңғы жаңалықтар