АҚШ-та жойқын құйын салдарынан үйлер қирап, адамдар қаза тапты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас және Оклахома штаттарында бірден бірнеше құйын жүрді. Соның салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, оннан астам адам жарақаттанған, деп хабарлайды ZN.UA.

АҚШ-та жойқын құйын салдарынан үйлер қирап, адамдар қаза тапты - ВИДЕО

Апаттың салдарынан тоқсан үй бұзылған. Кейбір қалалар электр желілерінің зақымдануы салдарынан жарықсыз отыр.

Жел екпіні сағатына 120 шақырымнан астам жылдамдықпен соғып, бұршақты қатты нөсер құйды.

Метеорологтардың болжамы бойынша, құйын Небраска жаққа қарай беттеді. Құйын, дауыл және нөсер әлі кем дегенде бірнеше аптаға жалғасады.