АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Калифорния штатының оңтүстік бөлігінде орналасқан Санта-Барбара қаласының жанындағы геологиялық жарық жер сілкінісіне себеп болуы мүмкін.
Geophysical Research Letters журналына мақала жариялаған америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келді, деп хабарлады Лента.ру.
Вентурдың жарығы (Ventura-Pitas Point Fault) Санта-Барбара мен Голетадан өтіп, аттас қаладан батысқа қарай жүз шақырымға созылған, ал оның бөлігі Тынық мұхитының астында жатыр.
Жарықтың нақты нысанын айқындау үшін ғалымдар плиталардың тектоникасын, жергілікті сейсмикалық белсенділік туралы деректерді ескеріп, компьютерлік үлгілеу жүргізді. Вентураның құрылымы сатыға ұқсайды, бұрынғы болжамға қарағанда, беткі жаққа жақын орналасқан болып шықты.
Бұл жарық Рихтер межелігі бойынша сегіз балға дейін жер сілкінісіне себеп болуы ықимал. Ал оның бөлігі мұхитта орналасқандығы цунамиге алып келуі мүмкін.