АҚШ-та жұбайлардың сүйісуіне тыйым салынған

Мұндай заңдардың бірнешеуіне «Алаш айнасы» газеті тоқталыпты. Мәселен, АҚШ-тың Хартфорд штатында жексенбі күні жұбайлардың сүйісуіне тыйым салынған. Ал Оклахоме штатында итті қорлайтындай сөз айтсаңыз, сізді абақтыдан бір-ақ шығаруы мүмкін. Огайо штатында Тәуелсіздік мейрамы күні қылмыскерлерді тұтқындауға түбегейлі тыйым салынған. Жергілікті тұрғындар «Тәуелсіздік күні Огайо штатында қылмыскер болмауы керек» деп ойлайдыТағы бір қызықты жайт, Американың Лонг Бич қаласында «көлік қоймасын (гараж) тек көліктерге арнап салу» жөнінде заң күшіне енген. Осы штаттың тағы бір қызық заңы бар. Егер шаштараз келушінің шашын алып жатып, өзінің осы мамандықты игергені туралы дипломы жоқ екенін айтып қалса, заң алдында жауап береді. Лос-Анджелес штатында заңдық тұрғыда күйеуі әйелін ұруға рұқсат. Бірақ әйелінің толығымен ризашылығы болуы керек. Невада штатының Найала қаласында мейрамхана, асхана, кафелерге келушілерге тегін су ұсынуға шектеу қойылған. Калифорнияның Кармел қалашығында жаяу жүргіншілер жолында балмұздақ жеу қылмыс болып саналады.